Ақын да, батыр да, әкім де анадан туады. Сөйтіп бір қолымен бесікті тербеткен ана екінші қолымен әлемді тербетеді. Сондықтан, қыз-келіншектерге деген мейірім шуақ қашанда үзілмеуі тиіс.

Әйел –ару, әйел жар, әйел ана.Сондықтан нәзік жандыларға қандай қошемет көрсетсек те артық емес. Көк желекті көктеммен  бірге келген көңілге қуаныш сыйлайтын мерекеге санатория үлгісіндегі Ақсукент балабақшасының ұжымы ерекше дайындалды. Періште пейіл бүлдіршіндер аналарға  перзенттік  ізетін  көрсетті.

Аналар құрметіне ән арналды, би биленді, өлең оқылды. Қайнарбұлақ ауыл округінде өткен кеште ақ жаулықты аналар алғыс хаттармен марапатталып, сый-сияпатқа ие болды. Бағаласаң бағың, ханшайым мен ханымдар көрсетілген құрметке дән риза.

Ана өмірдің гүлі, көңілдің жыры, отбасының алтын діңгегі. Аналарға деген ыстық сезім, құрмет-қошемет ешқашан сөнбек емес. Мейірім махабаттың бастауы болған қыз келіншектер мерекесін сайрамдықтар  көтеріңкі көңіл күймен қарсы алды.  

НҰРМАХАН Кенжехан