Мәжіліс спикері  Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тәуелсіздік алған күннен бастап, Баспасөздің дамуына ерекше назар аударып келеді. Соның нәтижесінде, сіздер, әрқашанда елімізге, халқымызға аянбай  қызмет етіп келесіздер, - деді. Парламент сөзі сыйлығының жеңімпаздарын арнайы құрылған комиссия  алты номинация бойынша анықтады.  «Парламенттік журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясы – «Үздік телевизиялық сюжет үшін» «Үздік баспа жарияланымы үшін» сияқты аталымдар бар. Ал арнамыздың бейнеоператоры Бахтияр Омаров «Үздік бейне-сурет материалы үшін» номинациясында жеңімпаз атанды.  Сондай-ақ биылғы ерекшелік, арнайы Парламент сөзі» сыйлығы  тағайындалды. Ол «Сарыарқа» телеарнасына берілді.