Бұл күні түрлі салада қызмет етіп келе жатқан нәзік жандылардан жиналған  жәдігерлер көрмесі ұйымдастырылды. Ақ жаулықты аналар әсем әуенге құлақ құрышын қандырып, өнерпаздардың өнеріне тәнті болды. Іскер әйелдер мен батыр аналар бас қосып, емен-жарқын әңгімелесті.  Салтанатты шараға арнайы шақырылған меймандар өз жетістіктерімен бөлісіп, табысқа жетудің жолдары айтылды.

НҰРСҰЛТАН Әбдірашит