Әйел – отбасының ұйытқысы, берекесі. Шаңыраққа шаттық ұялататын да солар. Ал, олардың қоғамдағы рөлі де ерекше. Бейбітшілік пен тыныштықтың шырақшысы саналады. Олар араласқан тірліктің өн бойына қан жүгіреді. Іс ілгерілеп, жұмыс жандана түседі. Жаңа орталықтың негізгі міндеті – нәзік жандыларға жан-жақты қолдау көрсету. Олардың қоғамдық өмірдегі белсенділігін арттыру.

Раушан Қыдырбаева – Сайрам аудандық көшбасшы әйелдер орталығының мүшесі

Қоғам мен мемлекет ісіне келгенде әйелдер қауымының белсенділігі мол.  Жауапкершілігі жоғары. Бүгінде нәзік жандылардың 80 пайызы білім беру мен денсаулық сақтау саласында еңбек етуде. Соңғы уақытта олар қоғамдық жұмысқа да жиі араласып жүр. Мемлекеттік қызметте де әйелдердің үлес салмағы артып отыр.

Баян Жандосова – Облыстық әйелдер кеңесінің төрайымы

Статистикалық зерттеулерге сүйенсек, елімізде соңғы 10 жылда жетекшілік орындарда отырған әйелдердің қатары 2 есеге өскен. Әсіресе, аудан әкімдері орынбасарларының дәрежесінде әйелдер көп. Бірақ, бұл мәліметтер Қазақстанның Солтүстік аймақтары мен Шығыс бөлігіне ғана тән. Нәзік жандылардың басшылық қызметке араласуынан Оңтүстік облыс көш соңында.

ГҮЛСАНАТ Қалмырзақызы