«Әсел» балабақшасында жас деңгейіне байланысты бөлінген 7 топ бар. Балаларды сергіту мақсатында мекемеде түрлі сайыстар мен ертеңгіліктер ұйымдастырылып тұрады. Кезекті тақырып – «Алтын күз». Әсем безендірілген сахна, арнайы келген алтын күз ханшайымы бүлдіршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Тазагүл Байтұяқова - №10 «Әсел» бөбекжай балабақшасының меңгерушісі

14 тәрбиешіміз өздерінің мамандығы бойынша біліктілікті арттыру курсынан өткізілді олар. Бәрі жоғарғы білімді мамандарымыздың. Қәзіргі таңда осы биылғы жылы 2019-2020жылғы оқу жылынды балабақшамызда мына жаңа мемлекеттік стандартымыз бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз.

Ертеңгілікке күзде өнім беретін дәнді-дақылдардан жасалған қолөнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырылды. Белсенділік танытқан бөбектер марапатталып, шат-шадыман болды.

Күмісай  Мансурова - құрылтайшы

Бұл балабақшаны өзімнің анам Сейдманова Құттығыз Көбейқызы бақшада 20жыл жұмыс істеп атқарып осы ұжымды содан зейнетке шығып анамның жолын енді мен осы ғимаратты өз бақылауыма алып көмегімді беріп, халыққа деген сәл өзімнің үлесімді қызметімді қоссам деп жүрген жайым.

Айта кетейік, бүгінде өңірдегі мемлекеттік-жекеменшік мектепке дейінгі білім мекемелерінде 20 мыңға жуық бала тәрбиеленіп, 1700 адам жұмыспен қамтылып отыр.

Перизат Ортай