Оны ұйымдастырушыларға бес мыңға тарта әкімшілік  шаралар көріліп, 250 млн теңгедей айыппұлдар салынған. Облыстың бас санитар дәрігері Нұрбек Нышановтың айтуынша,  40 мыңнан аса  нысан тексеріліп,  шектеулерге бағынбаудың   4901 дерегі тіркелген. Осындай адамдардың көптеп шоғырлануының салдарынан аймақта індет жұқтыру дерегі артып отыр. Соңғы аптада 34 науқастан КВИ расталып, он адам инфекциялық  ауруханада ем қабылдауда. Олардың арасында екі жүкті әйел де бар.