Бүгінде өңірімізде 153 мыңнан астам студент білім алуда. Оларға жатақханадан 11 330 орын қажет. Бұл көрсеткіш 28 жаңа жатақхана құрылысын бастауды талап етеді. Оның ішінде жоғары оқу орындары студенттері үшін 7 800 орындық 17 жатақхана, ал, колледж студенттеріне 3 530 орындық 11 студент үйінің сұранысы туындайды. Әзірге Шымкент медициналық колледжіне 800 орындық, Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжіне 200 төсекке арналған жатақхана қажет. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына Созақ ауылындағы №1 колледжден 200 орындық жатақхана салу үшін қаржы бөлуге өтініш білдірілген. Бұл сапта Төле би ауданына қарасты Көксәйек ауылындағы көпсалалы техникалық колледж бен Шымкент саз, Түркістан медициналық, Жетісай медициналық, Шымкенттегі көлік коммуникациясы және технологиялар колледждері де бар. Бүгінгі таңда бюджеттен 85 065,52 мың теңге бөлінген. Бұл қаражат небәрі 5 жатақхана салуға ғана жеткілікті.

П.БИНАЗАРҚЫЗЫ