Бұл Созақ ауданындағы Нәзір Төреқұлов атындағы ІТ-мектеп-лицейі. Білім ұясын 66 оқушы бітірді. Олардың 5-уі «Алтын белгі» ал, 2-уі «Үздік аттестат» иегері атанды. 9- сыныпты тәмдаған 80 оқушының  10-ына «Үздік куәлік» тапсырылды.

Гүлсара Әлімбекова - Нәзір Төреқұлов атындағы ІТ-мектеп-лицейінің директоры

Еліміздегі бейбітшілікті қолдайтын, жақсы саясатты қолдайтын, түсінетін, елімізге еңбегі сіңетін, Елімізді дәрежесі тең мемлекеттердің алдыңғы қатарына шығаратындарыңызға сенеміз. Сондықтан да үлкен өмір жолында тағы да сәт сапар тілейміз.

«Болашақ жастардікі» тақырыбында өткен салтанатты кеште  артылған сенім ақталып, еткен еңбек өтелді. Озық ойлы шәкірт тәрбиелеген ұстаздарға да лайықты құрмет көрсетілді.

Ерұлан Байменов - Созақ аудандық «Жастар орталығының» нұсқаушысы

Құрметті оқушылар, құрметті жастар сіздердің алғашқы қадамдарыңызбен құтықтаймын.Барлықтарыңыз ҰБТ-дан жақсы нәтиже көрсетіп, үлкен ілім ордасының студенті болып, жақсы маман болып шығыңыздар.

Мектеп бітірушілерді алда үлкен сынақ күтіп тұр. Ол – ҰБТ. Таңдау жолындағы бұл емтиханнан әр қатысушы сүрінбей өтетініне сенім мол.

Ә. Дәулетбекқызы