Биыл Шымкент қалалық білім басқармасы қазақстандық 15 баспаға миллионнан астам оқулыққа тапсырыс берген. Бүгінде соның 80 пайызы жеткізіліп, білім мекемелеріне таратылып жатыр. 25 тамызға дейін қаладағы барлық оқу ошағы қажетті оқулықпен толық қамтылады.

Ақнұр Қамбарова – кітапханашы

Сапасы жақсы, мынаның ішіндегі бізге дүниетану пәнін алып қарайтын болсақ, сапасы жақсы. Баланың дүниетанымын танытуға өте ыңғайлы.

Былтыр бірінші сынып табалдырығын 24 мың бүлдіршін аттаған болса, биыл алғаш рет мектепке баратын балалардың саны 26 мыңға жетеді деген болжам бар. Осыны ескерген жауаптылар қосымша 4 мың оқулыққа

Насихат Байзақова – Шымкент қалалық білім басқармасының бас маманы

Көбінесе ата-аналар бастауыш сынып оқушылары үшін кітаптарды көбірек іздейді. Бастауыш сыныбына барлық кітап 100 пайыз қамтылып отыр. Қосымша 4 мың 1-сынып оқушыылары үшін жаңа кітапқа тапсырыс беріп қойдық.

2016 жылдан бері қазақстандық білім мекемелеріндегі оқулықтар біршама жаңартылып және жыл сайын толықтырылып отыр. Жауаптылардың мәлімдеуінше биыл оқулық тапшылығы болмауы тиіс.

П.БИНАЗАРҚЫЗЫ