Тренинг алдымен екі жақтың бір-бірлерімен танысуынан басталды. Одан кейін түрлі ойындар ойнатылып, қажетті ақпараттармен бөлісті. Карантин талаптарын сақтай отырып, 10 қызметкер қатысты. Жиынның басты мақсаты - «Рухани жаңғыру» аясында «Үздік жобалар жинағын» әзірлеу, өңірлік жобалық кеңселерге әдістемелік көмек көрсету болып табылады дейді,- Жанар Боқанова.

Жанар Боқанова - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі,  «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ «Рухани жаңғыру» орталығының басшысы

ТөлеуАбишев  - "ҚҚДИ "Рухани жаңғыру" орталығының жетекші менеджері

Аталған семинарда берілетін мәліметтер мен мазмұнды ұсыныстар алдағы уақытта бағдарламаның ұлттың жаңғыруы кезеңінде сапалы жұмыс істеуге септігін тигізеді. Сонымен қатар нәтижелі жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді деген сенім бар дейді,- мамандар. Ауқымды түрде өткен семинар-тренингте қатысушылар және мекеме ұжымы қорытынды жасап, кофе-брейк көңілді сергітті.

 

Назкен Скандар