Қазір елімізде олимпиада ойындарында ең керемет шапшаңдықты талап ететін  суға жүзу спорты əлемдік деңгейде дамып келеді. Рио олимпиадасының жеңімпазы, даңқты спортшы Дмитрий Баландиннің жарқын жеңісі көптеген жастарымызға серпін берді. Түркістан қаласындағы орталық су спорт кешенінде жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы бұл жарыс аса таптысты басталды. Сайыстың ащылу салтанатында сөз сөйлеген Түркістан облысының дене шынықтыру жəне спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев су спорт түрлері қазір бұқаралық сипатқа ие болғанын айта өтті

Республикалық жарысқа Шымкент, Кентау қалалары мен Түркістан, Жамбыл жəне Қызылорда облыстарынан командалар қатысып, жарыс жолына шықты. Жарысты жоғары деңгейде Түркістан облыстық орталық су спорт кешені ұжымы өткізді. Аталмыш мекеменің директоры Ғалымжан Құдияров осындай республикалық деңгейдегі жарыстарды ұйымдастыру арқылы шәкірттерінің тәжірибелері  артатынын жеткізді.

ҒАЛЫМЖАН ҚҰДИЯРОВ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ОРТАЛЫҚ СУ СПОРТ КЕШЕНІ ДИРЕКТОРЫ

Халықаралық талапқа сай бой түзеген орталық су  спорт кешенінде бүгінде жүздеген бала мен тұрғындар суға жүзіп, денсаулықтарын шынықтырады. Су айдынында өткен сайысқа өзінің талантымен топ жарып, бұл жарысқа жан-жақты дайындалып келген жас спортшы Айдын Асқарқызы болашақта ел намысын қорғар талантты саңлақ болуды мақсат етіпті.

АЙДЫН АСҚАРҚЫЗЫ - спортшы

Орталық су спорт кешенінде өтіп жатқан  жарыста алғашқы күннің жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды. Оларды облыстық спорт басқарамасының басшысы Қанат Жолдықараев марапаттап, сәттілік тіледі.

 

А. Мырзахметов