Күрделі ота омыртқасы қисайған 10 жастағы қыз баласына жасалды. 8 сағатқа созылған операция кезінде науқастың қисайған сүйегі  түзетіліп, денесін тік ұстауы үшін арнайы темір құрылғысы арқа тұсына орнатылған. Ол бала денсаулығына ешқандай кері әсер тигізбейді, дейді дәрігерлер.

Болат Нағыманов -  Нұр-Сұлтан қаласындағы «Ана мен бала» ұлттық ғылыми орталығы ортопедия бөлімінің жетекшісі

Мұндай отаның түрі  Нұр-Сұлтан қаласында 2010 жылдан бері жасалып келеді. Онда жылына орта есеппен  еліміздің әр өңірінен келген 150-ге жуық бала операция үстеліне жатқызылады екен.  Күрделі отаға жергілікті травматолог ортапед дәрігерлерде қатысты. Нұрсұлтандық әріптестерінен  тәжірибе жинақтаған олар, алдағы уақытта Украин елінде біліктіліктерін шыңдамақ  ниетте. Сөйтіп, күрделі травматологиялық ота жасау барысын жетік меңгеріп, жергілікті деңгейде дамытуда қолға алуды жоспарлап отыр екен. 

Болат Нұсқабаев – Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі

Отадан кейін науқастың жағдайы бұрынғыдан жақсара түсетініне, ақ халаттылар сеніммен қарайды. Өйткені, омыртқаның қисаюынан пайда болған бүкірлігі  жойылып , науқастың бойының ұзындығы қалпына келеді екен. Сондай-ақ, іш құрылысындағы процестерде оң  нәтиже байқалады, дейді дәрігерлер. Оңтүстік өңірінде сколизге шалдыққан науқас балалар саны баршылық. Осы орайда, білікті дәрігерлердің беретін басты кеңесі,  дұрыс тамақтану.  Аурудың астан келетінін тағы бір мәрте еске салған ақ халаттылар, сонымен қатар өсіп келе жатқан жас ағзаға мөлшерінен артық зат көтерудің де кері әсері көп екенін айтады.

 

Г.Асқарқызы