Өңірлік турнир волейбол алаңында жасындай жарқылдап жүрген асыл жандар, волейболдан облыс намысын қорғап Президент жүлдесіне арналған жарыста жаңіске жеткен  Азамат Құттыбаев пен Қаныш Патсаевтарды еске алуға арналды.Талантты волейболшылардың бірі кезінде Созақтан,ал бірі Бәйдібек ауданында тәрбиеленіп шығып республика аумағына танылды.Азамат Құттыбаев кейіннен шәкірт тәрбиелеп аталмыш спорт түрін дамытуға елеулі үлес қосты. Ал Қаныш Бектұрсынұлы облыстық олимпиада мектебі басшысының орынбасары қызметін абыроймен атқарып жоғары нәтиже көрсеткен болатын.

Анарбек Орман - Өңірлік Волейбол Қауымдастығының  Төрағасы

Волейболмен айналысушылар қатары күн санап өсіп келеді. Бұл спорт түрі облыс аумағында қарқынды дамуда. Турнирге арнайы қонақ болып келген Азаматтың анасы жетпістен асқан Жайна Иманқұлова апамыз бұл жарысқа, баласына жанкүйер болуға келгендей күй кешкенін жеткізді.

Жания Иманқұлова - Азаматтың анасы

Аса тартыспен өткен сайыс қорытындысы бойынша мықты деген Түркістан облысының «Қарабұлақ»командасы мен Шымкенттің СКИФ-Қажымұқан волейболшылары кездесіп Қарабұлақ командасының асығы алшысынан түсті. Жүлделі орындарды Сайрам мен Түлкібас аудандары өзара бөлісті. Бұдан өзге жарыс барысында үздік атанғандар, арнайы сыйлықтармен марапатталды.Енді бұл турнир дәстүрлі түрде жыл сайын өтіп тұратын шараға айналады, -деді ұйымдастырушылар.

 

Е. Бөбеев