Мақпал Рысбаева тілші

Мектеп дәлізінде иін тірескен бұл шәкірттер мен ата-аналар вакцинаның кезегінде тұр. Ата-аналардың көбісі мұғалімдерге алдын-ала  жазбаша келісім бергенімен процесті көзбен көруге арнайы келіпті. 11- сынып оқушысы Зарина Сарманова да анасымен бірге.   Қауіпті індеттен сақтанып, қалыпты жағдайда өмір сүруге мүмкіндік беретін бірден-бір жол осы дейді жеткіншек.

Зарина Сарманова, оқушы

Айта кетейік, қалада осыған дейін PFIZER екпесін 1257 адам салдырған болса, оның 982-сі 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдер. Қалғаны - жүкті,  емізулі әйелдер. Ақ халаттылар вакцинадан кейін оқушыларды арнайы бөлмеге отырғызып, жүрек жалғатты. Екпе алғаннан кейін кәдімгідей күтім қажет дейді дәрігерлер. Бастысы, суықтап қалудан сақтану керек.

Әлия Бекқұлқызы дәрігер:

Оқушылар вакциянасы туралы естігенде шымкенттіктер әуелде өре түрегелгені рас. Алайда, бүгінде жеткіншек балаларын вакцинацияуға келісім берген ата-аналар қатары күннен-күнге артып отыр.  Екпені жергілікті емханалар мен мектептерде салдыруға болады. Санитар мамандар вакцина салынатын орындарды күннен бұрын  тексеріп, тиісті талаптарды ескеріп отырады.

 

Автор: М.Рысбаева