Іс-шараның ашылу салтанатында қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан шаhардың мүмкіндіктерін таныстырып, EXPO-дағы Шымкент қаласы күндерін ресми түрде ашып берді. Сондай-ақ, іс-шараға қала әкімінің орынбасары Айбек Сәттібаев, Қазақстанның БАӘ-дағы елшісі Мадияр Меңілбеков және Шымкент қаласы мәслихатының бірқатар депутаттары, бизнес қоғамдастықтарының бір топ делегациясы қатысып, келушілерге қаланың тартымдылығы мен өмірі жайлы таныстырылым жасады.Жиында еліміздің танымал опера әншісі Майра Мұхамедқызы ән шырқап, дәстүрлі өнерімізден шашу шашылды. Келушілер алдағы уақытта Қазақстан қалаларына саяхат жасауға ниеттеніп, қызығушылықтарын танытты.