Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, консультациялық кеңесші орган төрағасының орынбасары Әділхан Әбжановтың тапсырмасына сәйкес жоспарлы түрде ұйымдастырылған жәрмеңкеге Жетісай аудандық пробация қызметі бөлімінің басшысы, әділет майоры Дильшат Назаров бастаған бөлім инспекторлары, аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері мен пробациялық қызметі есебінде тұратын азаматтар қатысты. Сонымен қатар, аудандағы түзету мекемелерінен босатылған азаматтарды қоғамдық ортаға қайта бейімдеу мақсатында бос жұмыс орындарына жұмысқа шақыру жәрменкелерін сапалы, нәтижелі ұйымдастыру мәселелері бойынша жиын ұйымдастырылды.

Дильшат Назаров -  Жетісай аудандық пробация қызметі бөлімінің басшысы, әділет майоры

Жетісай аудандық пробация үйінде пробациялық қызмет инспекторларымен түзету мекемелерінен босатылған азаматтары қоғамдық ортаға бейімдеу мақсатында, уақытша және тұрақты жұмысқа орналасуға, қалыпты өмірге қалыптасуларына ықпал жасап, әлеуметтік қолдау жасау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.«Жәрмеңкенің негізгі мақсаты жұмыссыз жүрген сотталған азаматтарды жұмыспен қамту, олардың бос уақытын тиімді пайдалану және қайта қылмыс жасаудың алдын алу болып табылпды. Жыл басынан бері мұндай жәрмеңкелірді тұрақты түрде өткізіп келеміз.

Дильшат Назаров - Жетісай аудандық пробация қызметі бөлімінің басшысы, әділет майоры

Айта кетейік, жыл басынан бері Жетісай ауданы әкімінің квотасымен 28 сотталушы, ал, аудандық пробациялық қызмет бөлімі мен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің біргелікте жұмыс жүргізулерінің нәтижесінде тағы 66 сотталушы уақытша және тұрақты жұмысқа орналасқан. 15 азамат қайта даярлау курстарына жіберілген.

 

Н.Әбдірашит