Қазіргі уақытта облыс бойынша  «Pfizer» екпесі 12-ден 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге, жүкті әйелдер мен лактация кезеңіндегі әйелдерге ерікті түрде салынады. Яғни, профилактикалық екпе азаматтардың өз келісімімен ал, жасөспірімдерді вакцинациялау тек ата-анасының немесе заңды өкілінің келісімімен жүзеге асады. Айта кетейік, Түркістан облысына «Pfizer» вакцинасының 17550 дана мөлшеріндегі екінші партиясы жеткізілген. Облыс бойынша соңғы 2 аптада коронавирустық инфекциямен жалпы аурушаңдықтың төмендеуі жалғасты. Аурушаңдық 34 пайызға төмендеген. Мобильді топтар тарапынан 2,5 мыңнан астам нысан араланып, 33 баянат түскен. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев ауру қарқыны бәсеңдегенмен қауіпсіздік іс-шараларын тоқтатпауды, тәртіпті босаңсытпауды тапсырды.

 

М. Айтжанов