Былтыр тасқын су басқан Өргебас ауылында Абдурайым Көбеевтің демеушілігімен жаңа мешіт ашылды. Алланың үйіне «Абдухалық қажы» есімі берілді. 200 орынға арналған құлшылық үйінің намазханасы, имамға қызметтік үй, асхана, дәретханасы бар. Заманауи үлгіде безендіріліп, 25 соттық жерге салынды. Тұрғындар бой көтерген зәулім мешіттің ашылуына қатысып, дән ризашылықтарын білдіруде.

Қуатбек Қанаев – Абдухалық қажының інісі

Алла үйінің ашылуына облыстың бас имамы Еркебұлан Қарақұлов арнайы қатысып, Құран кітабын тарту етті. Қадірлі қонақтардың қатарында ұстаз Еркінбек Шоқай, Бауыржан Әлиұлы, Оралхан Сейдумановтар да бар. Аудан имамы Нұржан Мұсабеков мешіт салған үлкен сауап екенін тілге тиек етіп, атсалысқан азаматтарға алғысын білдірді.

Нұржан Мұсабеков – Аудан имамы

Абдухалық қажы еліне еңбегі сіңген  айтулы азамат болған. «Әке көрген оқ жонар» демекші қажының ұлыАбдурайым Көбеевәке жолын қуып еңбексүйгіш болып өсті. Кәсіпкерлігін дөңгелетіп,  ауылға қолдан келер қамқорлығын жасап келеді. Бүгінде ауылда зәулім мешіт тұрғызып, ауылдағы ағайынның ақ батасын алды.

Базарбек Әмірханұлы – ауыл тұрғыны

Айта кетейік мешіттің құрылысы 2013 жылы басталған. Алла үйінің құрылыс сәулеті заман талабына сай безендіріліп тұрғызылған және орталықтандырылған жылу жүйесімен, ауыз су және электр қуатымен қамтылған. Мешіттің ашылу салтанаты есте қаларлықтай әсерлі өтті. Жиналған жұртшылық имандылыққа ұйытқы болатын, ел ішіндегі бірлік пен татулықтың ордасы мешіт ісіне береке тіледі.

 

Е. Бөбеев