Жаңа жыл отбасылық мереке. Сондықтан тұрғындар осы күндері дүкен, базарларды аралап тауар бағасын саралайтын кезеңі. Шымкентте Тауар бағасын тұрақтандыру қорына мемлекеттен 5,7 млрд теңге бөлінген. Бұл қаржының  5.4 млрд –ды кәсіпкерлік субьектілерінің айналым қаражатына берілген. Осыған байланысты Грамад, Фиркан, Магнум сауда орталықтарымен келісім шарт түзілген.

Әбунасыр Жанбатыров – Шымкент  қалалық  ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары

Одан кейін барып Жергілікті тауар өндірушілер бар ет, сүт, жұмыртқа тауық етін өндіретін кәсіпкерлерге айналымға берілген.   Одан бөлек төрт ауданда төрт жәрмеңке өтеді. 

Ірі сауда орталықтарында әлеуметтік тауар бағасы тұрақты. Мәселен айран-сүт, күріш, жұмыртқа бағалары біршама төмен. Ал сиыр етін 2200 ден алуға болады. Күнделікті қажетті тауар бағасының тұрақтылығы  қарашаға  тиімді.

Әлия Молдабаева – қала тұрғыны

Айтқандай апта сайын ұйымдастырылатын ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіде қала тұрғындарына тиімді. Ондағы тауарлар делдалсыз сатылғандықтан базар бағасынан 10-15 пайыз төмен. Жаңа жыл қарсаңында 30-31-ші желтоқсагн күндері қаланың төрт жерінде жәрмеңке ұйымдастырылады.