Президент пәрмен берген басты тапсырманың бірі – халық пен билік арасындағы алшақтық. «Шенеуніктердің азаматтармен диалогы тиімділігінің төмен екендігін айтып өткен жөн. Мемлекеттік орган басшылары халықпен сөйлесе алмайды, тіпті кейде қорқатын секілді. Үкімет мүшелері өңірлерге жиі шығуы тиіс. Ал өңір әкімдері халықпен кездесу өткізіп, тұрақты байланыста болуы керек», -деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жанар Бектаева -   «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары

Елге ылаң салған содырларлардың соңғы әрекеттерінен кейін шетелдік инвесторлардың Қазақстан туралы пікірі өзгеруі мүмкін. Сондықтан, жергілікті тауар өндірушілерді жалпы бизнес өкілдерін қолдайтын біріңғай шаралар қабылдануы тиіс. Әрі мемлекет басшысы «байлар байлығымен бөліссін» деп еді ғой.

Жанар Бектаева -   «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары

«Көппартиялы Парламент саясат сахнасында бәскелестікті арттырады», дейді Жанар Әлібекқызы. Ал, былтыр саяси партияға шағымын айтып, сезгіз мыңға жуық халық келген. Бұқара базынасының 6 мыңы оңтайлы шешімін тауыпты.  Олардың дені баспана және тұрмыс тауқыметін тартып жүргендер екен.

Жанар Бектаева -   «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары

Жаппай тәртіпсіздік елдегі теңсіздікті ашық көрсетті. Қасымжомарт Тоқаев әсіресе, әлеуметтік саясат туралы көп айтты. Үкіметке «халықтың табысын арттыру бағдарламасын әзірлеуге», инфляцияны ауыздықтап, жұмыссыздықты азайтуға тапсырма берді. Мемлекет басшысының маңызды мәлімдемесін орындау үшін жергілікті мәслихат депутаттары тыңғылықты жұмыс істеуге көшпек.