Бір қызығы қаладағы жағдай қанша күрделенседе шаһарда әлі жаңа шектеулер енгізілмеді. Олай болуына басты себеп қаланың бас санитар-дәрігерінің қаулысы шықпаған. Салдарынан шаһарда соңғы уақытта санитарлық талаптардың сақталуы төмендеп, аурушаңдық артқан.

Санитарлық талап... қоғамдық көліктерде маска талап етеді ме? Біреулерінде талап етеді, біреулері ешнәрсе демейді...

Бұрындары Ашық қосымшасымен кіретін едік қазір солай ма? Жоқ. Ондай жоқ. Қазір Мегаға кіріп шықтым сұраған жоқ.

Енді оны жоғарыдағылар біледі ғой...    

Еске салып өтейік қазір қала мектептерінің барлығы Төтенше жағдайға байланысты демалыста. Оқушылар 17-сінен бастап оқулары тиіс болатын. Қаулы шықпағандықтан мектеп басшылары да дағдарып жүр. Өйткені, бір білім ошақтары дүйсенбі күнен бастап қалыпты жағдайда оқитындықтарын мәлімдесе енді бір мұғалімдер оқудың онлайн болатыны туралы хабар таратқан. Мәселенің мән жайын білу үшін Шымкент қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау депаратаментіне барғанымызбен нақты жауап болмады.  

 

М Айтжанов