Жедел жәрдем көрсету станциясының қызметкерлері халықпен тығыз байланыста жүретін адамдар. Дәрігерлер күніне 2 мыңнан астам шақыртуға барады. Медициналық көмек күткендердің тынысын, тіршілігін жақын таниды. Адам жанына Алладан кейін арашашы болады. Халықпен тығыз байланыста болғандықтан күнделікті жұмыста мемлекеттік маңызы бар науқанды насихаттасада референдумға қатысуға ниетті аудиторияны кеңейте түседі.   Штаб төрағасы  жедел жәрдем қызметкерлерінің ерен еңбегін тілге тиек етті.

Еркін Сатқанбаев - Шымкент қаласы бойынша референдумды қолдау жөніндегі қоғамдық штабтың төрағасы

Халық үшін қызмет жасап жүрген Өзінің уақытпен санаспай жүрген азаматтар нағыз патриот

Референдумның мақсаты — саяси, құқықтық жүйені жетілдіру.  Конституциялық реформа жасап, оны халықтың таңдауы арқылы құқықтық тұрғыда бекіту. 1995 жылдан бері алғаш өткелі жатқан референдум – Ата заңымыздың үштен бір бөлігін өзгертуі мүмкін. Сәйкесінше, еліміздің біршама маңызды салаларында өзгеріс болады. Бұл өзгеріске медицина мамандары да оң қабақ танытып отыр.

Гүлнәр Құрманбекова – Шымкент қалалық жедел жәрдем көрсету станциясының бас дәрігері

Кеше екі апта ҚР Парламент мәжілісінің депутаттарымен кездесу болды. Бүгін қалалық штаб келді.

Шымкент қаласы бойынша референдумды қолдау жөніндегі қоғамдық штаб осы күнге дейін мегаполистегі еңбек ұжымдарында  100 ден астам кездесу өткізген. Түсіндіру жұмыстары кезінде  40 мыңнан астам халықты қамтыған. Алдағы уақыттада бұл жұмыстарды жалғастыра бермек.