Байрақты бәсекеге 100 мемлекеттен спорттың 21 түрінен 3500 жуық спортшылар қатысты. Онда Қазақстанның намысын 9 спорт түрінен 65 спортшы қорғады. Олардың қатырында Шымкенттік спортшылар Пернеш Шадияр мен Рсалы Сабыржанда бар.   Нәтижесінде 4-алтын, 7-күміс және 18 қола медальді жеңіп алды. Ал, командалық есеп бойынша 13-ші орынды иеленді.

Сабыржан Рсалы еркін күрес бойынша 70 келі салмақта бақ сынасып күміс жүлдеге ие болды. Ол бұған дейін Ресей мемлекетінде өткен әлем чепионатында күміс жүлдені жеңіп алса, Түркия елінде өткен әлем чемптонатында алтын медальға ие болды. Сондай-ақ бірнеше Қазақстан чемпионатыда атанған. Қазіргі таңда Шымкент қаласы 19 мүгедектерге арналған спорт клубының жаттықтырушысы.

Жас спортшылар қала әкіміне барша қазақ еліңе ризашылықтарын білдірді. Алдағы уақытта Әлем чемпионатында тағы өнер көрсетіп алтын жүлдеге ие болып көк туымызды желбіретсем дейді.