Шараға өңір басшылары мен белсенді азаматтар мен жалынды жастар қатысты. Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына арнайы безендірілген 30 көлік, 30 вело шабандоз бен 30 атты сап құрды. Акция барысында бейбітшілік пен ынтымақтастық символына айналған көк туымыз, елтаңба мен асқақ әнұранымыз әспеттелді. Патриоттық әндер орындалды. Вело спорттан Қазақстан чемпионы Ақарыс Сапарбай осылайша көпшілікті бірлікке, ынтымаққа шақыруды дәстүрге айналдырған.

Мемлекеттік рәміздер – ел тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Ал, оны құрметтеп, қастерлеу – әр қазақстандықтың борышы.  

Ал қорлағандар кешірім сұраумен құтылмайды. Қылмыстық кодекстің 372-бабы «Мемлекеттік рәміздерді қорлау» бойынша сараланады. Ол бойынша 2 мың айлық есептiк көрсеткiш, яғни 6 млн 360 мың теңге айыппұл салынады немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 600 сағат­қа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар­ға тартылады. Қылмысына қарай 2 жылға дейiнгi мерзiм­ге бас бостандығынан айыру көзделген.