Кіл мықтының ішінен нағыз шебер атанған Аида Сарибаева, 12 жасынан бастап бокс үйірмесіне қатысқан. 2018 жылы алғаш қолына бокс қолғабын киген жас қыз, аз уақыт ішінде нәтиже көрсетті. Бұған дейін Қазақстан ж/е Азия чемпионы атанып үлгерген. Күніне бес сағат жаттығып, 75 келі салмақтағә дүне жүзінің үздігімен сұқбаттастық.

Аиданың әлем шыңын бағындырғанына ата – анасы жүрегі жарылардай қуанышты. Бастапқыда қыз баласын жұдырықтасуға қимаған олар, кейіннен бетін қақпауға бел буыпты. Қазір міне жетістікке жетті дейді әкесі

Әлем чемпионының құрметіне арнап әкесі елге ас берді. Жиында ағайын туыстары шаңырақ иесін құттықтап, ізгі лебіздерін жеткізді. Ал Аида мұнымен тоқтап қалмаймын, өзімді барынша шыңдаймын деп отыр.