Қазығұрттағы іс-сапарында өңір басшысы ауданда ұйымдастырылған жергілікті тауар өндірушілердің көрмесін тамашалады. Ауыл шаруалары көкөніс, жеміс-жидек, сары май, қымыз және өзге де ауыл шаруашылығы тауарларын нарыққа шығарып отыр. Сонымен бірге «Бастау Бизнес» жобасы арқылы грант алып, бал, тәттілер өндіріп, аяқ киім, көрпе-төсек, сувенир, астау шығаратын кәсіпкерлер де бар. Облыс әкімі жергілікті шаруалар мен кәсіпкерлермен кездесіп, ұсыныстарын тыңдады. Мемлекеттің дамуы шағын кәсіпкерлікке байланысты екенін, осы салаға басымдық беріліп жатқанын жеткізді. Ерте пісетін көкөніс өсіруге ден қоюға шақырды. Ө.Шөкеев жаңадан ашылған ет комбинаты мен мал сою және өңдеу кәсіпорнының жұмысымен танысты. Ет экспортын көбейту қажеттігін айтты. Шаруалар мен кәсіпкерлер гранттарды көбейту, субсидия және өзге де мәселелерді көтерді.

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ,ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІТүркістанда Түркиядан бизнисмендерді әкеліп шағын және орта бизнесті дамытатын үлкен алаң салып жатырмыз. Сол сияқты барлық аудандарға айтып жатырмыз өнеркісіпті дамытайық.Әсіресе шағын орта бизнесті. Мынау жұмыс орнын дамыту үшін қажет. Үлкен зауыттар қазір циярландыру заманы жұмысшыларды экономит етуге тырысады. Ең көп жұмыс жасайтын осы шағын бизнес. Бұл жерде көрпешелер тігетін жұмыс болса да бір 10 адамға жұмыс береді. Нан пісіретін жер сунвинер жасап жатыр жаңа көрмеде көрдік біз. Әр ауданды жылына 50-60 кәсіпкерлерді шығаруымыз керек. Ол үшін бағдарлама жасап қойғанбыз 1 млин 200  мың теңге грант беріледі ондай адамдарға. Әр ауылдан іздеп бейім жастарға қаржы береміз.Сөйтіп жұмыс орындарын көбейтеміз.

Кездесуде тұрғындар үй салуға жер учаскесін беру, Қарабау ауылындағы жер дауы, Шанақтағы жол мәселесі, Үшбұлақтағы ауыз су мәселесі, Қақпақ ауылындағы жол мәселесі, Қазығұрт ауылындағы ауыз су сапасын жақсарту мәселесін және өзге де өтініштер мен ұсыныстарын жеткізді. Өңір басшысы Қазығұрт ауылында 600 жер учаскесі берілетінін, Қарабаудағы жер дауы да шешіліп,тұрғындарға өз жер телімдері қайтарылатынын, осы бағытта жұмыс жүріп жатқанын мәлімдеді. Шанақтағы жол мен Үшбұлақтағы ауыз су түйткілі де шешімін табады. Кездесуден кейін облыс әкімі бірнеше тұрғынды жеке мәселесі бойынша қабылдады.

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ,ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Мектептің саны жетіспейді әрине.Қай жаққа бармасаң да мектеп,мектеп, мектеп. Бұл мектептің программасы бар. Біз жыл өткен сайын соны көбейтіп жатырмыз. Қазір республикада салынатын мектептердің төрттен бірі біздің облысымызда салынып жатыр. Қазірдің өзінде облыста 59 мектептің құрылыс жүріп жатыр.  Бұл ешқашан болмаған нәрсе. 25 жылға дейін 200 мектеп саламыз деген жоспар бар. Оған сенім де бер. Оның сыртында жеке меншік мектептерді көбейтеміз деген бағдарлама жасап қойдық. Жеке меншік мектеп салатын болса әр баланы жан басна қаржыландырамыз. Оның өзі тиімді Сайрамда 8 мың орынға мектеп салған кәсіпкер бар. Сол сияқта денсаулық спорт мәдениет тағы басқа нысандар да салынуда. Халық үніне құлақ асатын мемлекет деп жастырмыз. Осындай кездесулерде алған ұсыныстарға талап тілектерге қарап біз өзімісз сол саясатты жүргізіп отырамыз.

2021 жылы Қазығұрт ауданында өнеркәсіп өнімінің көлемі – 12,6 млрд. теңгені, инвестиция көлемі – 18,4 млрд. теңгені,  ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 10,4 млрд. теңгені құрады. «Бір алқаптан 2-3 өнім алу» жобасы бойынша 170 гектар жерде 122 жоба іске асырылып, бірінші өнім жинау күтілуде. Былтыр 25 808 шаршы метр тұрғын үй берілді. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 2021 жылы 8 елді мекенде 26 жоба іске асырылды.  Талдыбұлақ елді мекені табиғи газбен қамтылды және Қазығұрт ауылындағы «Шығыс» мөлтек ауданына баратын табиғи газ жүйесінің құрылысы жүргізілді. Жаңабазар елді мекеніндегі мектеп күрделі жөндеуден өткізіліп, Заңғар, Сырлысай, Қарабастау, Тілектес елді мекендері сапалы электр қуатымен қамтылған. Жаңабазар, Қаржан елді мекендерінде 40,5 шақырымды құрайтын 20 көшеге асфальт төселген. Үш мектеп пайдалануға тапсырылды.