Сессия отырысында алғаш 2022-2024 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы мәселе көтерілді. Осы орайда, сөз алған қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерлан Есқараев бюджет көлемі өткен жылмен салыстырғанда 84,3 млрд. теңгеге ұлғайып, 573,7 млрд. теңгені құрағанын жеткізді. Ендігі жерде қосымша қаралған қаржылар қаланың инженерлік-инфрақұрылымын дамытуға бағытталмақ.

Кезекті сессия барысында Шымкент қаласы әкімдігінің және Шымкент қаласы тергеу комиссиясының атқарған жұмыстары жайында есебін тыңдаған депуттар, қала аумағындағы кондоминиум объектісін басқару мен ортақ мүлікті күтіп ұстау шығыстарының ең төменгі мөлшерін бекітті. Бұл ретте, айына 27,3 теңге болып бекітілді. Сонымен қатар, жиында көтерілген кезекті мәселе тегін медициналық көмек пен дәрілік заттардың тізбесіне толықтырулар енгізу төңірегінде болды. Осы орайда, Шымкент қаласы мәслихатының шешімімен бекітілген 2 дерт бойынша 25 дәрілік зат тізімге қосылып отыр.

Сондай-ақ, сессияда бесінші болып қаладағы саз мектебіне әйгілі күйші композитор, Қазақ КСР-ның халық әртісі Нұрғиса Тілендиевтің есімінін беру мәселесі қаралды. Бұл бастаманы қос қолдап тұрып қолдаған халық қалаулылары, «Шымкент қаласының құрметті азаматы» атағын беру бойынша 10 азаматтың кандидатурасын бекітті. Бұдан бөлек, қала, аудан әкімдерінің ағымдағы жылдың ақпан айында бекітілген қала тұрғындарына есеп беру кездесулерінің кестесіне өзгерістер енгізілді. Осы орайда, өз ойын білдірген шаһар басшысы күні кеше өткен референдуға тоқталып, алдағы қала күні жайында сөз қозғады. 

Сонымен қатар, жиын барасында қалалық мәслихат депутаты Қуаныш Дәулетәлиев ауыл шаруашылығы саласында салынатын салық мөлшерін 50 пайызға дейін азайтуды ұсынды. Айтуынша, бүгінгі күндегі бекітілген мөлшерлеме нәпәқасын жерден айырып жүргендер үшін тым ауырға соғуда екен.

Сонымен қатар, сессия барысында қалалық мәслихаттың үстіміздегі жылы атқаратын жұмыстарына тоқталған қатысушылар штат құрылымына өзгерістер енгізе отырып, кезекті сессия уақытын тамыз айының еніші он күндігене белгіледі.