Шымкентте жыл басынан бері есірткінің заңсыз айналымы бойынша 178 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Оның 41 қылмыстар қатарына жатқызылса, 137-і қылмыстық теріс қылық танытқандар тарапынан туындаған. Осы орайда, 25 есірткі саудасына қатысты іс қозғалса, аса ірі көлемде есірткі сақтаған 6 жағдайдың жолы кесілген. Нәтижесінде, 51 келі түрлі есірткі заттары тәлкіленген. Олардың арасында синтетикалық есірткі заттары да бар. Өкінішке орай, оны қолданушылардың көбі жастар болып табылады екен.

Осы уақытқа дейін, синтетикалық есірткіні қолданушылардан қан талдауы барысында ешқандай кері нәтиже көрінбей келген екен. Бүгінгі таңда, бәрі де басқаша. Жаңа әдіс-тәсілдер мен заманауи құрылғылардың көмегімен ағзадағы есірткіні лезде анықтауға болады, дейді нарколог дәрігер.

Есірткі қолданушыларының  80 пайызы өз еркімен ем қабылдамағандықтан, қайта сол ортаға оралады екен. Ал, араларындағы синтетикалық түрін тұрақты тұтынатындары ары кетсе 1,5 жылдан кейін өзін-өзі жоғалта бастайды екен. Оның аяғы өліммен аяқталған соң, ата-анасы мен жақындары  жаман атпен жерлегісі келмейтін көрінеді.