Кентау - моноқалалар тізіміне енген оңтүстіктегі жалғыз қала. Кеңес дәуірінде кенді шаһар ретінде танылып, алып кәсіпорындарымен танымал болды. Алайда, тоқырау жылдары мұнда өндіріс орындары жабылып,  жұмыссыздық белең алды. Тоқсаншы жылдардың ортасында Кентауда  40 мың адам қалса, бүгінде қала тұрғындарының саны 75 мыңға жеткен. Қазір Кентау жаңа бағытта, заман талабына сай дамып келе жатыр.

РАШИД АЮПОВ- КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

Газ келген соң , біз газға көшу әрекетін жасаймыз. қазір жұмыстар жүргізіліп жатыр, Болашақта ТЭЦ-ты өшіріп, осы газға көшеміз. Бұл жерде 5 котельный қосылады. Бұрынғы кентаудың тәжірибесін ескере отырып, барлық жағынан қарастырдық.  ол дегеніміз газбен жұмыс істейді. газ өшіп қалса комбинированный дейді. соляркамен істейді. свет өшіп қалса, өзінің генераторымен істей береді.  Бұдан 3 жыл, 5 жыл алдын электр қуатының өшіп қалуына байланысты. кенту қаласы жылусыз қалған болатын.

Қазіргі таңда Кентауда  340 көпқабатты тұрғын үй бар. Оның 20-сы Тәуелсіздік жылдары салынса, қалғаны өткен ғасырда бой көтерген. Уақыттың талабына сәйкес ескі шаһардағы тозығы жеткен инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстары да маңызды болып отыр. Қалаға кейіннен қосылған шағын аудандардың да мәселесі басты назарда. Тұрғындарға қолайлы жағдай жасалып, көшелер жарықтандырылуда. Қалада 70  бейнебақылау камерасы орнатылған.

ТАЛҒАТ ҚАСЫМБЕКОВ- КЕНТАУ ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Биылғы жылы бізде 29 көшені жөндеу жоспарланған. 19 көше келесі жылға жоспарланған. Біздің болжасм бойынша келесі жылдың жоспарын биыл орындап тастаймыз деген жоспар бар.

Кенді шаһарға биыл алғаш рет көгілдір отын келді. Жергілікті билік алдағы 2 жылда қала мен оған қарасты 4 ауылдың тұрғындары толығымен көгілдір отынға қол жеткізеді. Қала тұрғындары да Кентаудың әлеуеті артып келе жатқандығын айтады. 

Мұратжан Төнтеков - Кентау қаласының тұрғыны

Жарық бізге өте керек болған. Қараңғы батады. Жұмыстан келеміз, жолды көрмейміз. Жарық келіп, көзіміз ашылып жақсы болып жатыр.

Кентау - өткен ғасырда Қазақстанның машина жасау, металл өңдеу, тау-кен өнеркәсібі орталықтарының бірі болды. Мұнда аты Кеңестер одағына әйгілі трансформатор, экскаватор зауыттары жұмыс істеді. Енді сол өндірістер қайта жанданбақ. Сонымен қатар, Кентау қаласына қарайтын 4 ауыл бар.  Олардың өзіндік өркендеу жобасы да әзірлеген. Болашақта Ашысайда шипажай салу, табиғаты ғажап Хантағыға демалыс орындарын ашу жоспарланған.