Шымкент қаласының 2035 жылға дейінгі даму кезеңіне арналған бас жоспарын әзірлеуге "Градкомплекс" ЖШС-мен келісім-шарт түзіліп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.Жаңа Бас жоспарды қоғамдық талқылауға ұсыну мақсатында 21 маусым мен 20 шілде аралығында арнайы көрме ұйымдастырылды. Нәтижесінде қоғамдық талқылауға 2 мыңға жуық қала тұрғыны қатысып, жалпы ұсыныстар саны – 149болды.

Ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында Шымкент қаласы әкімдігімен жалпы саны 2141 қаулы қабылданды. Оның 219 - мемлекеттік мекемелерге жер учаскелерін табыстау болса, 335і - кәсіпкерлік мақсатта болған.

Айта кетейік, 2022 жылдың 6 айында 23 комиссия отырысы өтті. Жер комиссиясы отырысына жалпы саны 4063 құжат ұсынылған. Оның 2066 келісіліп, ал 1983 құжатқа бастартылды дейді,-Нұрбол Жүнісбеков.