Мемлекетке алақан жаймай-ақ қолдағы барымен кәсібін бастап, тың идеяларын жүзеге асырып, теңгені тиыннан құрап шағын кәсіптің өзінен толағай табыстарға жетуге болатынын дәлелдеп жүрген жандар аз емес. Солардың бірі-Жетісай ауданына қарасты Қазыбек би ауылдық округі, Қазыбек би ауылының тұрғындары Нартаевтар әулеті.
Осыдан 15 жыл бұрын көршілес Өзбекстаннан Қазақстанға қоныс аударған азаматтар кәсіптерін үйіргерлік 3 соттық жер теліміне жылыжай салып бастаған. Гүл өсіру мен гүл сату ісін өркендетіп, табыстарын арттырып отырған кәсіпкерлер бүгінде жылыжай аумағын 15 соттыққа жеткізген. Елімізде бұл саланы табыс көзі етушілер саусақпен санарлық. Ал бұл кәсіпті дөңгелеткен ауыл тұрғындарының жылы жайында құмыраға отырғызылған гүлдің 40 тан астам түрі өсіріледі.

Қазірдің өзінде 10-ға тарта жергілікті тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтып отырған кәсіпкердің, көздің жауын аларлықтай баптап өсірген гүлдері Мақтаарал, Жетісай аудандарымен қатар Шымкент қаласының базарларында саудаланады екен. Бағасыда аса қымбат емес. Қалтаға қонымды. Қазыбек би ауылдық округінің әкімі аппаратына әкімнің орынбасары болып жаңа тағайындалған Әділхан Қалданұлы жылыжайға арнайы барып, егесімен танысып мұқтаждықтарын тыңдап қайтты.
Сонымен қатар табыстың көзін тауып,ерекше кәсіпті меңгерген ауыл тұрғыны жылыжайын үшке бөліп қойған. Біріншісінде тұқымнан көшет өсіірсе, екіншісінде жер сіңдіреді. Үшінші бөлігінде дайын гүлдер ыдысқа жайғастырылып, сауда үстелеріне жөнелтіліп отырады. Алдағы уақытта осы кәсіп түрін дамытып, биылғы жылға 6000 мың түп гүл баптап шығару ойы бар екендігінде айтты.