Біз қазақ халқына алғыс айтып қана қоймай оның тілін біліп, салт-дәстүрін құрметтеуіміз керек. Мен жастарды осыған шақырамын. Мақтаралада өткен «ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНА МЫҢ АЛҒЫС» іс-шарасын ұйымдастырған Тәжіктердің республикалық этномәдени орталығының төрағасы Акбаржан Исмайлов осылай, деп ортаға үндеу тастады. Этномәдени орталық «Достық» дастарханын жайып үлкендердің батасын алды. Аудандағы аз қамтылған отбасыдан шыққан 100 балаға мектепке қажетті құрал-жабдық сыйлап, футболдан жасөспірімдер арасында арнайы  турнир өткізді. 

Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Тәжіктердің республикалық этномәдени орталығы бірлесіп ұйымдастырған «ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНА МЫҢ АЛҒЫС» шарасына еліміздің барлық өңіріндегі Тәжіктердің этномәдени орталық төрағалары жиналды. Достық дастарханының басында ұлтаралық татулық пен ұрпақ тірбиесі айтылды. Даласымен ғана емес дарқан пейілімен де ерекшеленетін қазақ халқына деген өзге ұлт өкілдерінің құрметі мен ортақ шаңыраққа деген үрмет ұлықталды. Ауқымды шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов арнайы қатысты.
Шара аясында аудандағы аз қамтылған отбасыдан шыққан 100 балаға мектепке қажетті құрылғылар тарту етілді. Бұл отанға, туған жерге деген құрмет, дейді ұйымдастырушылар. Кешегі қиын қыстау кезеңде бір нанып бөліп жеген қазағым, төтенше жағдай орын алған кезінде де қолдан келгенін аямады. Елдегі ауыз бірлік пен ынтымақтың арқасында қандай қиындық болса да бірлесіп жеңе алатынымызды тағы бір көрсеттік, дейді кешке жиналғандар.
Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Тәжіктердің республикалық этномәдени орталығы оқушылар мен жасөспірімдер арасында футболдан арнайы Достық кубогын да ұйымдастырды. Дүбірлі додаға аудандағы мектептерден іріктелген 17 команда қатысып бақ сынады.  Жас  аяқ доп шеберлері өте тартысты ойын көрсетті. Жарыс қорытындысыбойынша үшінші орынды Лашын тобы иеленді. Ал,  ақтық сында  Барыс пен Жалын кездесіп, Үкібаев мектебі шәкірттерінің мерейі үстем болды. 
Мақтааралдағы шағын ғана ауылда туып өсіп, бүгінде елеміздің түпкір-түпкірінде еңбек етіп жүрген жерлестер осылайша бауырмалдық пен туған жерге деген сүйіспеншіліктің ерекше үлгісін көрсетті.