Мақтааралда терім науқаны қыза түсті. Биыл аудан шаруалары жалпы  егілген  40 421 га ақ алтын дәнін сепкен. Ендігі мақсат - пісіп жетілген өнімді ысырапсыз теріп алу. Ал, аудандық кәсіпкерлік және шаруашылық бөлімінің басшысы Баязит Базарбайұлы мақта қабылдау бекеттері сақадай сай дейді. Ақ алтынның  бағасы мен мақта зауыттарындағы зертханалық жұмыстар қатаң бақылауда. 

Ауа райының қолайлы сәтін пайдаланып, өнімді қысқа мерзімде жинап, алу – межелі міндет. Мақтааралдық  диқандар күніне 17 217тонна дан астам мақта теріп жатыр. Қәзіргі таңда қолтерім жұмыстары жүргізілуде. Мақта теріміне жергілікті ауыл тұрғындары қатысып келісіне 50 теңгеден еңбекақы алуда. 
Аудан бойынша терім науқанына 52 бригада, 1500 ге жуық терімші қатысуда. Тиісті тірлікті үйлестіру үшін  204 комбайын дайындалған. Жоспар бойынша мақтаның 80 пайызы техниканың күшімен теріледі. 
Қәзір науқанды сәт қызып тұр. Нәтижесінде 7 мың 200 гектар алқабтан ақ алтын жиналды. Осы қарқынмен терімді 1 жарым айда аяқтау жоспарлануда. Дегенмен шаруаларды мақта бағасы мазалайды. Облыс басшысы Дархан Сатаыбалды ірі мақта зауытының иелерімен ортақ келісімге келді. Енді шаруаларға мақтаның тоннасына 250 мың теңгеден алдын ала төлем жасалатын болады. Бұдан өзге дихандар тарапынан: Зертханалар мақта сапасын қасақана түсіреді деген уәждер айтылып жүр. 
Аудан бойынша 9 зауыт және 62 мақта қабылдау бекеті шаруаларға қызмет көрсетуде.  Жанар жағар май 202,230 тегеден сатылымда. Бейнетпен өсірілген ақ алтынның сапасы ойдағыдай. Өнімділік гектарына 23,5 центінерді құрап отыр.