Осыдан алты жылы бұрын қала аумағына енген елдімекендерді егжей-тегжейлі жоспарлау мақсатында талқылау өткізілді. Жиынға  Құрсай-2 мен Оңтүстік – батыс шағын аудандарының тұрғындары шақыртылған. Бас құжатқа қандай өзгерістер енгелі отыр? Тұрғындар жобаға байланысты нендей пікір айтуда? Туындаған мәселелер қалай шешілмек? Мамандар не дейді?

Құрсай – 2 тұрғын алабын егжей-тегжейлі жоспарлау жобасында,  құрылыс үшін неғұрлым күрделі және қолайсыз учаскелердің едәуір бөлігіне саябақтар мен гүлбақтарын, сондай-ақ, тұрғындар демалатын орындар салу көзделген. Ал, елдімекен орталығында қоғамдық-сауда және ойын-сауық орталығы бой көтеріп, демалыс паркі құрылмақ. Салыстырмалы түрде ыңғайлы және ең қолайлы жерлерге  жалпы білім беретін мектептер мен балалар мекемелерін, спорттық және дене шынықтыру құрылыстары салынатын болады . Сонымен қатар, әлеуметтік қызмет көрсету мекемелері  жолға жақын жерде орналасады деп жоспарланған. 

Бас жоспарды өз көздерімен көріп көңілдері жәйланған тұрғындар, сала мамандарынан жолдың жырын тездетіп шешіп берулерін сұранып отыр. Кезінде Сайрам ауданы болып тұрған шағында таратылған бұл жерлер,  бір жүйеге келтірілмеген. Салдарынан, Құрсай – 2 бойынша 3 жер учаскесінде мәселе туындауда. Инфрақұрылымдық жүйелер өтетін бұл жерлердің 1-еуінде баспана бой көтерсе, екі жер бос тұр екен. 

Жол түсетін жер учаскелері мемлекет меншіге қайтарылады. Ол үшін құжаттары қанттай жер иелеріне өтем ақы төленбек. Егер,  онымен келіспеген жағдайда, сотқа арыз түсіруге құқылы. Сондай-ақ, кездесуде қала шетіндегі Онтүстік – батыс шағын ауданының егжей-тегжейлі жоспарлы жобасы да тұрғындар назарына ұсынылды.  Болашақта елдімекеннен көпқабатты тұрғын үйлер салу көзделген. Бұйыртса, қос шағын ауданның бас жоспары қарашада бекітіледі деп күтілуде. Ол уақытқа дейін, тұрғындар арасында үздіксіз түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, талап-тілектері тыңдалатын болады.