«Нұрбанктің» құрылғанына биыл 30 жыл. Осы уақыт аралығында акционерлік қоғам өз өміршеңдігін дәлелдеді. Тұтынушылармен қарым-қатынастың ерекше саясатын қалыптастырып үлгерді. Негізгі кредо – клиентке ыңғайлы әрі сапалы қызмет көрсету.  Сондықтан да болар, «Нұрбанк» бір әулеттің бірнеше ұрпағына қызмет етіп жүр. Өзіне сенім артқан кәсіпкерлердің қаржылық мәселесін шешуде алдына жан салмайды. 


Нұрбанктің Шымкент қаласындағы филиалы жиһазды көтерме және бөлшек сауда арқылы сататын Ж.К.Кулиева компаниясының негізін қалаушы София Кулиевамен, беларусьтік Grand жиһаз салонымен 12 жылдан астам ал оның отбасымен 19 жылға жуық жұмыс істеп келеді. София бизнесін қалай құрып, дамытатынын, қандай нәтижелерге қол жеткізгенін және неліктен «Нұрбанкті» бүкіл отбасы таңдағаны туралы айтып берді.
Банк бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларына белсенді түрде қатысады және өз клиенттеріне тиімді ынтымақтастық  тәсілдерін ұсынып отыр.
 «Нұрбанк» АҚ-ның Шымкент қаласындағы филиалы 2001 жылдың тамыз айында ашылған еді. Шымкент қаласы мен Түркістан облысында өз орнын қалыптстырды. 2022 жылы Шымкент қаласындағы филиал қаржыландыратын шағын орта бизнес субъектілерінің негізгі бағыттары: көтерме және бөлшек сауда – 41%, өндіріс – 17%, спорт, демалыс және ойын-сауық саласындағы қызмет – 9%, ауыл шаруашылығы – 8%, құрылыс – 3% құрап отыр. 
2021 жылы банктің таза пайдасы 2,1 млрд теңге болған. Жыл қорытындысы бойынша несие портфелінің 12%-ға және депозиттік портфельдің 20%-ға ұлғаюы есебінен Нұрбанк активтерінің өсуі байқалады. 2022 жылдың аяғында несиелендірудің өсуін, активтер сапасының жақсаруын және банктің негізгі бизнес-үдерістерінің трансформациясын ескере отырып, таза пайда мен рентабельділіктің айтарлықтай артуы да болжанып отыр.