Шымкентте полицейлер өз-өзіне қол жұмсамақ болған әйелді құтқарды. Оқиға кешкі сағат 18:04 шамасында Қонаев даңғылы мен Мәделі Қожа көшесінің қиылысында орналасқан құбыр үстінде орын алған. 

Жағдайды дер кезінде көрген Шымкент қалалық ПД ЖБО-ның инспекторы полиция капитаны Дархан Құлмырзаев мегаполис жолдарындағы тәртіпті "Сергек" камералары арқылы бақылай отырып өзін биіктіктен тастамақ болған әйелді құтқару тобына хабар көрсете отырып шұғыл көмек көрсетіп үлгерді. Шақыру бойынша бірінші болып ППП 3 рота командирінің орынбасары аға лейтенант Табиғат Жақсыбек келді. Тәртіп сақшысы уақыт жоғалтпай, құбырға көтеріліп, әйелді қауіпсіз жерге алып шықты. Белгілі болғандай, 30 жастағы қала тұрғыны күйеуімен екі бала тәрбиелеп отыр. Бір күн бұрын ол жұбайымен ұрысып, өзін-өзі өлтіруді шешкен. Асығыс қадамнан құтқарғаны үшін әйел мен туыстары полицияға алғыстарын айтты. Сала мамандары психологиялық проблемалар туындаған жағдайда өмір мен есеп айырысуға емес, арнайы мамандармен байланысып дұрыс шешім қабылдауға шақырды.