Шымкентте демалыс күндері ушу-саньда спортынан қалалық ашық біріншілік өтті. Нөмері 11-ші шығыс жекпе-жек спорт мектебі ұйымдастырған дода үш күнге созылды. Жеңіске жеткендер республикалық жарысқа жолдама алды. 

Сайрам халқы үш күні бойы спорт сайысын тамашалады. Ушу-саньдадан Қалалық біріншілік 2008-2010 жылғы туғанжасөспірімдермен 2005-2007 жылғы  туған жастар арасында өтті. Оған Шымкенттен өзге бірнеше өңірдің спортшылары қатысты.
Жарысты ұйымдастырушылардың айтуынша, негізгі мақсатбалалардың спортқа қызығушылығын арттыру.  Аталған спорт түрін елімізде одан әрі дамыту. Мұнда жеңген спортшылар республикалық туринирге, одан жеңгендер әлем чемпионатына қатысады.
Жас спортшылардың ендігі мақсаты да айқын.Қалалық, республикалық додаларда топ жару, чемпион атану. Еткен еңбектің нәтижесін көру.
Қалалық ушу-саньда федерациясының президенті мұндай біріншіліктерді жиі-жиі өткізу керек дейді. Оған себеп, спортшылар арасында достық-ынтымақтастықты арттыру. Болашақ әлем чемпиондарын жан-жақты тәрбиелеу.
Сайрамда өткен чемпионатқа бірнеше өңірден жалпы 260 спортшы 45 салмақ дәрежесі бойынша қатысты. Жалпы есепте Шымкент қаласының ушу-саньдашылары жеңіске жетті. Шаһар споршылары 28 салмақта чемпион атанды. Одан кейін Тараздықтар 8 салмақта қарсылас шақ келтірмеді. Түркістан облысының спортшылары 5 салмақта, Ақтөбе облысы жастары 4 салмақта бірінші орынды иеленді.  Оларға медаль, грамота мен бағалы сыйлықтар берілді.