Түркістанда спорт мектептерінің жаттықтырушылары мен полицейлер басқосты. Алқалы кеңесті Түркістан қаласы полициясы мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармалары бірлесіп ұйымдастырған. 

"Қауіпсіз қала" жобасы түсіндірілген мәжіліске 300-ге жуық спортшы қатысты. Шараның жалпы мақсаты жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу. Жиын барысында спорт мамандарының бала тәрбиесіндегі және күнделікті өміріндегі орны жайлы сөз қозғалып, қоғамға Еліміздің нағыз қорғаны болатын мықты азаматтарды тәрбиелеп шығару туралы ой-пікірлер талқыланды.Жиында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев және Түркістан қалалық мәслихатының депутаты Ғалымжан Худияров өз ойларын ортаға салды.