Шымкентте ерек мерекелердің бірі «Өзбек этносының мәдениеті,  дәстүрі мен тілі» күні тойланды. Шараға этномәдени бірлестігі «Достық» қауымдастығы ұйытқы болған. Мерекелік шараға ТМД елдерінен арнайы қонақтар келіп, қатысты. 

Қазақстан мен Өзбекстан достығы ежелден тамыр алған. «Өзбек – өз ағам» деген сөз де ел аузында тегіннен жүрген жоқ. Шымкент қаласында 1994 жылдан бері «өзбек этносының мәдениет» күні тойланып келеді. Бұл күнде қаладағы аталған этнос өкілдері жиналып, мәз-мейрам күй кешеді. 

Өңірде өзбек этномәдени бірлестігі 1989 жылы құрылып, 30 жылға жуық уақыт бойы бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысының саяси, мәдени өміріне белсене араласты. 2018 жылы қалалық бірлестік мәртебесін алып, осындағы 200 мыңға жуық өзбек ұлтының өкілі қазақстандық қоғамның ортақ құндылықтарын қастерлеуге ұйытқы болып отыр. 

Айта кетейік, Қазақстан халқының 3 % өзбек ұлтының өкілдерінен тұрады. Ал оңтүстік жақта ала тақиялы ағайынның саны ел халқының 30 %-на тең. Шымкентте 2000-ға жуық оқушы өзбек тілінде еркін білім алса, мәдени мекемелер де аталған тілде қызмет етіп жатыр.