ОҚМПУ 85 жылдығына орай ҚР Мәдениет қайраткері Беркінбай Шуланбековтің «ұстаз һәм шәкірт» атты  көрмесі қойылды. Онда ұстаздың шәкірттерімен бірлесе жасаған дүниесі келушілердің назарына ұсынылды. Шараға қоғам қайраткерлері мен оқу ордасының студенттері қатысты.

Саналы ғұмырымен жас ұрпаққа үлгі-өнеге болуды мұрат тұтқан Беркінбай Шуланбеков саналы ғұмырының 50 жылға жуығын ұстаздық қызметке арнаған. Жарты ғасыр бойы туған ел төрінде талмай еңбек етіп, бала оқытқан ағаның өмір дерегі де бай, өте мазмұнды екен. 

Ұстаз шәкірттерінің бірі Тоғжан Қуанышбаева. Ол ОҚМПУ 2 курс студенті. Бүгінде Беркінбай Шуланбековтің арқасында көптеген суреттердің сызбасын сызып, суреттерің салуды жетік үйренгенің айтады.

Айта өтейік, онда тұлғаның 70 жас мерейтойымен де құттықтап алғыс хат тапсырылды. Көрме соңы студенттердің арнайы дайындаған мерекелік концертімен ұласты.