Бүгінде адам денсаулығынан артық байлық жоқ. Көпшілік табыс тауып отбасының несібесін шығарам деп жүріп денсаулығына мән бере бермейді.   Көңіл-күйдің болмауы мен зиян әдеттерге тәуелділік те адамның жүйкесін жұқартады. Енді бұл қауіптердің қатарына Короновирус жұқпалы дерті келіп қосылды. Сондықтан Психиатрлар жиналып халықаралық конференция ұйымдастырды. 

Халықаралық конференцияны ұйымдастыруға бірнеше ұйым ұйытқы болды.  Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы, Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, ҚР Психикалық денсаулық саласында жұмыс істейтін мамандар қауымдастығы және Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті бірлесе отырып адам жанының арашасы болатын дәрігерлерді шақырған. Ондағы мақсат : психикалық денсаулықты сақтау және қалпына келтіру, емдеуді ұйымдастыру, тәуелділік, психологиялық көмек және басқа да мәселелерді талқылау. 
Дәрігерлердің кеңесіне Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы өкілдігі БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының, Дүниежүзілік психиатрлар қауымдастығының, Әзірбайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Түркия, Өзбекстан елдерінің психикалық денсаулық қызметінің өкілдері қатысты.  
Психикаға кері әсерін беретін факторлардың көшін  ішімдікке тәуелділік бастап тұр. Одан соңғы орындарда  есірткі және темекіге тәуелділік бар. Бұл әсіресе 30 жасқа дейінгі азаматтар арасында жиі кездесуде. Дәрігерлер  Электронды темекі мен қорқор психиканың ауытқуына қатты әсер етеді,-деп дабыл қағуда. Әлеуметтік табысы төмен азаматтар арасында да жүйке аурулары аз емес. Ендігі мәселе осы сұрақтардың жауабын табу. Дәрігерлер алдағы үш күн бойы өздерінің тәжірибелерін бөліседі.