Мақтаарал ауданында ағымдағы жылдың 9 айында қылмыстық құқық бұзушылық 38 пайызға өскен. Әсіресе алаяқтық асқынып тұр. Осыған орай  Қылмыстық құқық бұзушылық профилактикасы бойынша мекеме аралық мәжіліс өтті. Онда қылмыстың алдын алу мәселеллері мен себеп салдары талқыланды.  

Аудандағы қылмыстық құқық бұзушылықтың күрт өсуі мекеме аралық мәжілісті өткізуге басты  себеп болып отыр. Қәзіргі таңда аудан көлемінде  орын алған жалпы қылмыс 189 дан 261ге артқан.
Бұдан бөлек мал ұрлығы қылмыстарыда көптеп тіркелуде. Ағымдағы жылы орын алған 20 мал ұрлығының 18 і түнгі мезгілде жайылымда қараусыз жүрген жерінен ұрланған. 

Айта өтейік тағы бір мәселе жол көлік оқиғасы. Аудан аумағында орын алған 15 жол көлік оқиғасынан 6 адам ажал құшқан. Басым бөлігі Атакент кентінде орын алатын көрінеді. Себеп салдарыда әр түрлі. Алайда қылмысты анықтау кезінде ауданда орнатылған 10 бейнен камераның біріде бірі істемейді. Бұл ретте аудан әкімі Бақыт Асановтың мәлім етуінше бейне бақылау камераларын орнату үшін 229 млн теңгеге  қаржы қаралып жатқандығын атап өтті. Жиын барысында ұлтараздық, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтар сынды мәселелері қозғалды. Мәжіліс кезінде аудан прокуроры Айтболат Досаев  ауылдық округ әкімдері мен мемлекеттік, полиция қызметкерлерінің жұмысын сынға алды. Ауыл әкімдеріне әрбір елді мекендерді аралап жүйелі жұмыстар атқаруды тапсырды. 

Жалпы аудан тұрғындарын қандайда бір қылмыстың құрбаны болудан сақтау мақсатында  жиында айтылған ұсыныстар хаттамаға жазылды. Барлық басшыларға заңды іс-шараларды толық түрде атқаруға шақырды.