Бүгін, дүниежүзілік жүрек күні. Осыған орай №1 Шымкент қалалық жүрек орталығының мамандары қала тұрғындарына  «Жүрек қан – тамыр ауруларының алдын алу» бойынша акция ұйымдастырып, ашық есік күнін өткізді. Аудан, қала мамандарын жинап дөңгелек үстелде бас қосып, түрлі жүрек ауруларын талқылады. 

Шара барысында қала тұрғындарына  кардиолог дәрігерлері қан айналымы жүйесінің ауруларының алдын алу туралы кеңестер берілді. Бүгінде  артериялық гипертония және жүректің ишемеялық сырқаты дендеген жандардың қатары көбейген.  Келген  қала тұрғындарына инсультың  алдын алу бойынша тегін медициналық тексерулер жүргізілді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, артық салмақтан арылу, жүрек қан – тамыр аурулары қауіпінің алдын  алуға мүмкіндік береді. Ал, қала тұрғындары  артериялық қан қысымын, өлшетіп, көкейінде жүрген сұрақтарға жауап алды. 
Ал жүрек орталығына тұрақты келіп емін алып жүрген Сарыағаштық азамат орталықта  осындай іс-шаралардың ұйымдастырылғанына дән риза. Өйткені ақ халатты абзал жандар бас қосып, келушілердің мәселелерін қарап қана қоймай, жинаған тәжірибесімен бөлісіп, дертіңіздің шешімін тауып береді. 
Күйбең тіршіліктен арыла – алмай, көрінуге мүмкіндігі болмай жүрген жандар үшін бұл тиімді бастама. Аталмыш іс-шараны өткізудің мақсаты — қоғамда қан айналу жүйесінің жүрек ауруларының пайда болуының алдын алу.Ауырмау үшін халықты сақтық шаралармен ақпараттандыру.