Президент Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторийді ұзартуды тапсырған болатын. Осыған байланысты, Ұлттық Палата Үкіметке 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін мүмкіндіктерді қарастыру туралы ұсыныс жасалды. Нәтижесінде қолдау тапты. Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тексерулерді тағайындау туралы тіркелген актілердің саны тексерулердің басқа түрлерінің санынан басым болады. Мысалы, ел деңгейінде 2019 жылы жоспардан тыс тексеру барлық тексерулердің 54%-ын құрады. 

Бизнес дамыса, мемлекет байиды. Елдегі шағын және орта бизнес өкілдерінің құқықтық мәселесі аз емес. Мораторий кезеңінде жоспардан тыс 9248 тексеру болған. Мемлекеттік органдардың тексерулерді тоқтатуына қарамастан, оларды негізсіз тағайындау мен жүргізудің 1035 фактісі анықталды. 
Салдарынан  негізсіз қозғалған қылмыстық істер тіркеліпті. Республика бойынша 2021 жылы 1770 іс қозғалған. 400-ден астам қылмыстық іс тоқтатылды. Ал қылмыстық істердің 20-25% негізсіз қозғалғаны анықталып отыр. Бүгінгі таңда кәсіпкерлерді күдікті ретінде тану тәжірибесі кең ауқымды, ал іс жүзінде қарағанда оның көбісі мүліктік даулардан шыққан. 
Бұл мәселені шешу үшін ҰКП прокуратурамен бірлесіп талдау жүргізе бастады. Нәтижесінде бақылаушы және құқыққорғау органдары тарапынан тексеру барысындағы бұзушылықтардың саны күрт азаймақ. Бизнеске келтірген залал есептеледі. Ал, Кінәлілер жауапқа тартылатын бодады.