Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов 1 қазан-Халықаралық қарттар күніне орай қаладағы зейнеткерлерді сауықтыруға арналған тағы бір «Белсенді ұзақ өмір» орталығының ашылуына қатысты. Онда қызмет алушылармен тілдесіп, мерекемен құттықтады.

Айта кетейік, бұл қаламыздағы «Белсенді ұзақ өмір» орталығының екінші бөлімшесі. Ашылу салтанатына қатысқан қала мәрі мемлекет тарапынан ардагерлерге әрқашан қамқорлық көрсетіліп келетінін және көрсетілетін көмектің көлемі жыл сайын артып отырғанын бұл бағыттағы жұмыстар Президенттің мемлекеттік саясатындағы басым бағыттарының бірі екенін атап өтіп,орталықтың қызыл лентасын қиды. 
Қаламыздағы Қаратау ауданы, Жібек жолы көшесі, 22/1 учаскесінде орналасқан жаңа бөлімшесінде жартылай стационарлық жағдайда тәуліктің күндізгі 4 сағат уақытында егде жасына байланысты қарттарға екі ауысым бойынша 150 азаматқа дейін қызмет көрсетіледі. Онда дәрігерлік тексеру , бильярд,теннис, садақ ату, ART терапия, тренажерлық қызмет түрлері, бассейн, массаж, әсемдік жасару терапиясы, караоке зал (ән айту),хореография, йога, еңбек терпаиясы, инемен емдеу терапиясы, емдік денешынықтыру бар.

Жалпы, қалада «Белсенді ұзақ өмір» орталығының әр ауданда бөлімшелері ашылып, зейнет жасқа жеткен азаматтарға 4 сағатқа дейінгі екі ауысымда ақысыз арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілсе, сонымен қатар, жалғызілікті зейнеткерлерге арналған 3 мезгіл ыстық тамағы қосылған 8 сағаттық жартылай станционар да жұмыс жасайды. Орталықтың Еңбекші аудандық бөлімшесінен екі жылдан бері тұрақты түрде қызмет алып жүрген ақсақал Жақсыбай Оңалбеков  жаңа бөлімшенің ашылғанына ризашылығын білдіріп,ақ тілегін арнады

Айта кетейік, бүгінде Шымкент қаласы бойынша зейнеткерлер саны – 84 844, соның ішінде ҰОС ардагерлер саны – 5, тыл еңбеккерлері – 2390.