Білім басқармасының Әдістемелік орталығы «Менің тілім – менің мақтанышым» фестивальін өткізді. Іс-шараның басты мақсаты  мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту, қазақ тілін білу - татулықтық тірегі екенін балалар бойына сіңіру. 

Бүгін ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы мен тілдері мерекесіне арналған айлық іс-шараның қорытынды кеші өтті. Оған басқарма басшылары, орталық әдіскерлері мен мұғалімдер қатысты. Жиында тіл татулықтық, халықты біріктірудің маңызды факторы екенін өскелең ұрпаққа ұғындыру – бүгінгі лингвист мамандардың негізгі міндеті екенін айтылды. Бір айы бойы қаладағы білім беру ұйымдарында қазақ тілін мәртебесін көтеруге бағытталған түрлі іс-шаралар өткен. Атап айтсақ, әдеби кештер, тәрбие сағаттары мен интеллектуал ойындар ұйымдастырылған. Сала мамандары мемлекеттік тілді білу – ел тыныштығын кепілі екенін айтты.

Фестиваль аясында қала мектептеріндегі «Қағамдық гуманитарлық пәндер» мұғалімдері көрме ұйымдастырған, оқушылар Ахмет Байтұрсынұлына өлең арнаған.Дәл осындай іс-шаралар арқылы

Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге арналған шара мерекелік концертпен аяқталды. «Тілім барда мен тірімін, мәңгімін» тақырыбындағы эссе байқауында үздік шыққан ұстаздар мен оқушылар марапатталды. Білім басқармасы мамандары қазақ тіліне деген қызығушылықты артыру жұмысы жыл бойы жалғасатынын айтты.