Шардарада 500 мың шабақ құтқарылды. Олардың дені су қоймасы мен Сырдария өзені және Қызылқұм каналының ұлтанында қайырлап қалған. Арал-сырдария облыс аралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясының мамандары май шабақтарды су қоймасына жіберген.Аталған іс-шараға балық инспекторларымен қатар табиғат сақшылары  еріктілер де қатысып жатыр. Шабақтарды құтқару жұмыстары Қазан айында да жалғасады. 

Шардара су қоймасы мен Сырдария өзені және Қызылқұм каналдарында  тамыз айынан бастап су дейгейі күрт төмендейді. Салдарынан 
ондаған көлшіктер пайда болып,балықтарға қауіп төнеді. Табиғат сақшылары су жәндіктері қырылып қалмас үшін құтқару жұмыстарын жүйелі жүргізіп келеді.Кезекті құтқару жұмыстары шардар су қоймасында жүргізілген. Сай- салада қалған көлшіктен сүзіп алынған шабақтардың ішінде Ақмарқа, Мөңке, Табан, Сазан, Шортан мен Жылан балықтар да кездесіпті. Қайырлап қалған май шабақтар шардара су қоймасына жіберілген. Бұл балық қорын молайтуға да көп көмегін тигізеді,дейді инспекторлар
Жалпы облыс аумағында іріл-ұсақта 125 өзен-көлдер бар.Ол жерлердегі су деңгейі жіті бақыланып тұрады.  Әсіресе күз айларында егістік алқатпарына тартылған қосалқы каналдарда су деңгейі төмендеп, қайырлар көптеп пайда болады. Сол жерлерде қалған май шабақтар да құтқарылады. Іс-шараға мемлекеттік органдармен қатар табиғат жанашырлары тіпті еріктілер де қатысады екен.  Шабақ құтқару жұмыстары қазан айында да жалғасады. 
Шабақтарды құтқару жұмыстарымен қатар күнделікті бақылау шаралары да күшейтілген жүйемен жүргізіледі.Соңғы жылдары балық инспекторларына мемлекеттен көп қолдау көрсетіліпті.Техникалары жаңарып, су құрылғылары сатып алынған. Соның арқасында сұғанақтық біршама азайған.  
Жүйелі жұмыстың нәтижесінде балықты тоқпен ұру фактілері де біршама азайыпты. Үгіт насихатпен қатар заң да күшейген. Ал, қытай ауын мүлдем қолдануға болмайды. Ол қылмыс, дейді инспекторлар.