Енді шағын хабарландыруға құлақ салсаңыздар. Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарыны қалалық құлақтандыру жүйесінің сенімділігін және техникалық жарамдылығын тексеру мақсатында 7-ші қазанда, сағат 11:00-де электро дабылдары іске қосылатынын хабарлаймыз. Дабыл қағу арқылы «Баршаның назарына!» деп аталатын сигналға ден қою тәртібі пысықталады. Құрылғыларды тексеру барысында халықтан үрейленбей, сабыр сақтауды сұраймыз.