Түркістан  облысының  ұлттық спорт  түрлері мектебінің  ұжымы  жуырда Түркияның Изник  қаласынан 4-ші дүниежүзілік көшпенділер  ойынынан оралған  жеңімпаз  жерлестерімізге құрмет  көрсетті. Жиында  сонымен  қатар  халықаралық  додалар мен Әлем  Кубогінде  жұлде  алған спортшылар да марапаттан  шет  қалмады.

Спорт  сүйер  қауымның  есінде, көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы 4-ші Дүниежүзілік көшпенділер  ойынында   бас  жүлдені  иленіп, ғаламат  жетіскікке жеткен  болатын.  Отандастарымызды  жеңіске  бастаған  бұл  доданың  ақтық  сынында Қырғызстан құрамасымен  жауапты   кездесу  барысында  Түркістан  облысының  талантты  көкпаршысы Әділет Мамыт екі бірдей салымтастап, қазақстандық шабандоздарды  алға  сүйреді. Еліміздің  ең  таңдаулы  көкпаршылары құрамасында  облысымыздың  төрт спортшысы ел намысын  қорғады.
Басқосуда  еліміздің  дарынды  тоғызқұмалақшы  қыздары Аружан  Салман  мен Ақбота Намаз,  жамбы  атудан  түрік  стилі  мен  нысана  көздеуден күміс  және  қола  жүлде  иеленген Айкөз Ералхан  да марапатталды.  Жақында  ғана Руминияның Константа  қаласында  өткен  Әлем  Кубогінде  түркістандықтар Аружан  Салман  мен Ақбота Намаз  жүлде  жеңіп  алды. 
Марапаттау барысында әрдайым  жеңіске  деген  күш-жігерлері  мықты бірқатар жас  спортшылар ға  да  құрмет  көрсетілді. Халықаралық  жарыстарда асық атудан алтын медаль  иеленген Алмас Қарапбаевпен  қазақ  күресінен  ауыр  салмақтағы  жерлесіміз талантты  балуан Бөлеген  Еркінбек  те  күміс  жүлдегер  атанып,  оларға  арнайы  дипломдар  табыс  етілді. Ғани Ахметбаев жеңімпаз саңлақтарды  жеңістерімен  құттықтап,  алдағы ел  мерейін  үстем  етер  жарыстарда  да  сәттілік  тіледі.