Бауырлас елдердің қалалары бір бірімен ынтамақта болғаны абзал. Екі елдің арасында алтын көпір орнатып тәжірибе алмасу дәстүрі мемлекеттік басқару ісінде бұрыннан бар тәжірибе. Түркістан қаласы мен Түркияның Мальтепе муниципалитеті арасында "Достастық" меморандумына қол қойылды. Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков  мен Мальтепе муниципалитетінің басшысы Али Кылыч екі шаһар арасындағы достастық келісімін қабылдап, қол алысты.


Бұл меморандум  мәдениет пен  білім ,  жергілікті басқару және  туризм салалары бойынша өзара ынтымақтастықты нығайтады. Экономика, қоршаған ортаны қорғау, спорт және қоғамдық денсаулық сақтау салалары бойынша да әріптестік  байланысты  дамыту көзделіп отыр. 
Түркістан қаласына алғаш келгенін айтқан, Мальтепе мэрі Али Кылыч шаһардың көз тойдырарлық сұлуылығына таңданысын жасырмады. Алдағы уақытта да осы қарқынмен дамитынына сенімді екенін айтты. Ал, Түркістан қаласының әкімі  Нұрбол Тұрашбеков,бүгінгі кездесуде жаңа жобалардың негізі қаланатынына сенімдімін" деп, ізгі ниетін білдірді. 
Кездесу барысында екі тарап бір біріне ықылас сыйлықтарын ұсынды. Түркия тарапы Түркістандық   әріптестерін қараша айында Мальтепе қаласына келуге шақырды.